Фото: e-event.kz

Тараз. 77news — Қазақстандық шаңғышы Александр Колядин Пхенчхандағы Паралимпиадада алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

14 наурызда өткен шаңғы жарысы Қазақстан үшін жеңіспен аяқталды. Классикалық әдіспен 1,5 шақырымдық спринтерлік шаңғы жарысында жарысқан спортшылар арасында қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде де, жартылай финалда да үздік болды.

Александр Колядин финалда 4 минут 19,7 секунд нәтижесін көрсетіп, алдына жан салмады.  Күміс медаль жапониялық Йошихиро Ниттаның еншісінде кетсе, «қолаға» Канада өкілі Марк Арендз және Финляндиядан Иикк Туомисто қол жеткізді.

Біздің жаңалықтарымызды Telegram парақшамыздан оқи аласыздар! Жазылыңыздар!