Фото: inform.kz

Тараз. 77news — Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр, қар жауып, кей жерлерде нөсер жауын құяды. Тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болмақ.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Республиканың оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түнде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болжанады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады, түнде көктайғақ  болуы ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетпек.

Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерде тұман түседі, Алматы облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ғ дейін жетеді.