Фото:Punkt-a.info

Тараз. 77news — Қызылорда және Жамбыл облыстарында желдің күшеюіне байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК хабарламасына сүйеніп 77news.kz ақпарат агентігі.

29-31 наурызда Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп күн күркіреп, найзағай ойнайды.

29 наурызда Жамбыл облысында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, екпіні 23-28 м/с болады.

29 наурызда Таразда оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, кей жерлерде желдің екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.