Тараз. 77news — «Тараз» футбол клубы жаңа маусымға аяқ басты. Аяқ допшылар жалпақ жұртқа команданың бастапқы құрамын таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті, — деп хабарлайды 77news тілшісі.

Түркия қаласында арнайы жатттығу жұмыстарын жүргізіп келген  футболшылар үшін тартысты бәсеке енді басталмақ. Ал, команда құрамына Жамбыл өңірінен 18 ойыншы іріктеліп алыныпты. Енді 1 сәуір күні спортшыларымыз сырт алаңда «Байқоңыр» командасымен кездесу өткізетін болады. Команда капитаны Нұртас Кургулин намысты қолдан бермей, облыстың абыройын асқақтатуға сөз берді.