Фото: Sn.kz

Тараз. 77news — «Бамбук» бостандықта! Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша айыпталып, бақандай 15 жылға түрмеге жабылған Мұрат Үмбетәлиевтің жазасы бес жыл шартты мерзімге бірақ қысқарып, сот залынан үйіне жіберілді, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі тілшісі.

 Әубаста Үмбетәлиевтің апелляциялық шағым түсерітіні белгілі болған. Бірақ, дәл осындай шешімді ешкім күткен жоқ болатын. Жамбыл облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы оған тағылған айыпты тым ауыр деп ұйғарса керек, жаза түрін жеңіліне ауыстырған. Яғни,  екі немесе одан көп адамды өлтіруге оқталу бабын, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мен бұзақылыққа өзгерткен. Сөйтіп ол небәрі 5 жыл шартты мерзімге кесіліп, бостандыққа бірақ шықты.

Ал, осы істе жәбірленуші деп танылған Ерлан Бектұрғанов пен Марсел Жетпісбаевтың да үстінен «қылмыс жөнінде ақпарат жеткізбеу» және «бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалған. Алайда, күні бүгінге дейін не облыстық, не қалалық сот бұл жайында мәлімет бермеді.

Еске салсақ, тамыз айында думанды кештен шыққан облыстық экстремизге қарсы күрес басқармасының бастығы болған Мұрат Үмбеталиев, өзінің әріптесі криминалдық полиция басқармасының бастығы ЕрланБектұрғанов пен аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Марсел Жетпісбаевты бизнес орталығы маңында пышақтаған болатын.