Тараз. 77news — Елбасының басым бес әлеуметтік бастамасын түсіндіру бойынша депутаттардың халықпен кездесуілері жалғасуда. Маңызды құжаттың басым бағыттарын  Жамбыл жұртшылығына насихаттау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Бопазов Шу өңіріне жұмыс сапарымен келді, — деп хабарлайды 77news.kz.

Марат Бопазов жұмыс сапарын алдымен Шу ауданында орналасқан  «ТаразХимпарк» экономикалық аймағынан бастады. Содан соң, халық қалаулысы өз сапарында «Шу жылу» орталық қазандығы мен Тарлан спорт кешені, ҚазИрАгро мекемелерінің жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, сапар барысында аудандық әкімдікте «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі талқыланады. Жиынға тиісті мекеме басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты.