Тараз. 77news — Латын әліпбиіне көшу — жарқын болашақтың кепілі.  Бүгін «Тараз Парасат» колледжінде осы тақырыпта дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды 77news АА тілшісі.

Латын графикасына көшудегі ұтымды мәселе — тілдің емес, таңбаның ауысуы. Жас ұрпақ ғылым мен білім жолында жаңа жетістіктерге жету үшін, латын қарпіне көшуі міндетті. Бүгінгі жиынға қатысқан қоғам белсенділерінің пікірі осындай. Латын әліпбиі арқылы еліміздің мәртебесі де жоғарылай түспек, дейді олар. Қала берді ғылым мен озық технологияның қарпіне көшу — заман талабы.

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу мәселесі — уақытылы жасалған сәтті қадам. Бұл күллі түркі тілдес халықтардың рухани бірлігі үшін қабылданған шешім ғана емес, әлемдегі түрлі ғылыми жетістіктерді бағындыру үшін керек, — дейді мамандар.