Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Орта ғасырлық «Ақыртас» сарай кешені толық зерттеліп, туристік тартымдылығы артпақ. Ол үшін елімізге белгілі академик, археологтармен қатар шетелдік ғалымдар да тартылатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі баспасөз конференция барысында мәлімдеді, деп хабарлайды 77news.kz

Жиынға жиылған жұрт, «Ақыртас» пен өзге де тарихи нысандарын туристік орталыққа айналдыру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, мамандар 130 жылдай зерттеліп, бірақ барлық құпиясы ашылып бітпеген кешенді бастапқы қалпына қайта келтіру керектігін жеткізді. Олардың айтуынша, Ақыртастың балбал тастары Түрксіб темір жолын салу кезінде құрылыс материалдары ретінде пайдаланылған. Сол уақытта кешенді бұзып, ал дайын тастарды темір жолдың астына төсеп, бекеттердің іргетасын қалаған екен. Осы жоғалған дүниелерді қалыпқа келтіру мақсатында облыстық әкімдік, министрлік және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы үшжақты меморандумға қол қойып отыр.

Енді халықаралық экспедиция зерттеу жұмыстарын мамыр айында бастаймыз деп жоспарлап отыр.

Фото: жеке дерек көзінен