Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Санк-Петербург қаласында шипасыз дертпен күрескен кішкентай қазақ қызы Айымжан Досжан көз жұмды. Бұл туралы бүлдіршіннің ата-анасы әлеуметтік желіде жария етті, деп хабарлайды 77news.kz

«Кешір бізді, бүлдіршін… Біз үлгере алмадық, шарамыз болмады… Жаның жәннатта болсын. Мәңгілік біздің жүрегіміздесің» – деп жазды қыздың ата-анасы әлеуметтік желідегі жазбада. Айымжанның туысқандары желіге жазған хабарламасында қайырымдылық акциясы жабылғанын жеткізді.

Айымжан нейробластома деп аталатын обыр түрімен ауырған болатын. Жаман дерт оның бойынан 2 жасында табылған. 32 химиотерапия алған қызға ісікті алып тастау бойынша екі ота жасалды.

Айымжанның қымбат ем-домына әлемнің түкпір-түкпірінен мейірімді адамдар көмек қолдарын созған болатын.