Фото: Misanec.ru

Тараз. 77news — Өткен тәулікте, яғни 9 сәуір 2018 жылы 11:38-де 450 түп шөп өртенді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі ТЖД баспасөз қызметі мәліметіне сүйеніп.

Қызыл жалын Жамбыл ауданы, Ақбұлым ауылы, Жібек Жолы көшесіндегі  үйдің ауласынан шыққан. Қысқа деп дайындалған шаруаның 450 түп шөбі өртеніп кетті.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 8 қызметкері мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Жамбыл облысының ТЖД бөлімшелері – 11 рет жедел құтқаруға шығып, оның ішінде өртке – 2, жану оқиғасына –5, авариялық-құтқару жұмысына – 2, іздестіру жұмыстары – 0, әр-түрлі сипаттағы басқа да шығу – 2, құтқарылған және басқа орынға көшірілген адамдар жоқ.