Фото: Susanin.news

Тараз. 77news — Биылғы жылы Жамбыл облысында 10 мың 200 гектар жерге қант қызылшасын егу жоспарланып отыр. Қазір бұл бағыттағы жұмыстар бірқатар аудандарда басталып кетті. Солардың бірі — Меркі ауданы. Өткен жылы қант қызылшасынан мол өнім алған Меркілік шаруалар биыл да жақсы көрсеткішке қол жеткізуді көздейді, деп хабарлайды 77news.kz «Jambyl» телеарнасы мәліметіне сүйеніп. 

Меркідегі ергелі шаруа қожалықтардың бірі — «Сыпатай Батыр» серіктестігі. Өткен жылы 200 гектар жерге қант қызылшасын егіп, одан гектарына 700 центнерден өнім алған шаруашылық биыл 300 гектар жерге балтамыр отырғызуды бастады. Оның үстіне өткен жылы Меркілік шаруалар қылшаның «Авантаж» тұқымын ексе, биыл аса жоғарғы сұрыпты франциялық «Тиссиан» сорты егілуде.

Ауа-райының қолайлылығын пайдаланған шаруалар 100 гектар жерге тұқымды үш күнде сеуіп шықпақшы. Қант қызылшасының аралары 45 сантиметрден себіледі. Бұл шаруашылықта жаңбырлатып суару технологиясы қолданылып отыр. Жалпы, Меркі ауданы бойынша биылғы жылы 2000 гектердан астам жерге балтамыр отырғызу көзделіп отыр. Ол үшін шаруалар қазір ұрықпен де, жанар-жағармаймен де қамтылған.

Меркі ауданы әкімінің Мейірхан Өмірбековтың айтуынша, биыл былтырғыға қарағанда тәтті түбірдің тұқымы екі есе көп тасталған. Шаруа қожалықтар қант қызылшасының пайдалы өнім екенін тұсінгендей.

Жамбыл облысында қант қызылшасын еккен шаруалар соңғы жылдары мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетіліп келеді. Оларға тұқым алуда, дайын өнімді өткізу барысында биыл да айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылмақшы.