Тараз. 77news — Бүгінде Жаңатаста смарт-технологияларды енгізу жұмысы басталып кеткен. Қазірдің өзінде аялдамаларда  ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беретін тақтайшалар ілінген, деп хабарлайды 77news AA тілшісі. 

Қазақ, орыс және әлем әдебиеті классиктері жайлы мәліметті ұялы телефонға жүктеп, танысуға мүмкіндік мол.  Бас-аяғы 50 кітаптың электронды нұсқасын QR-кодты сканерлеу арқылы оқып, аудио нұсқада емін-еркін тыңдауға болады. Ол үшін сканерлеуге арналған QR Code Reader мобильді қосымшасын смартфоныңызға орнату қажет. Игі бастама Астананың тәжірибесі негізінде қолға алынған. Айта кетейік, бұл «жаңа Париж» аталып кеткен шаһарда «Смарт сити» стандартын қалыптастырудағы алғашқы қадамдарының бірі.