Тараз. 77news — Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен Тараз мемлекеттік университеті  бірлесе  латын қаріпіне біртіндеп көшу мәселесін тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Бүгінде Елбасының тапсырмасына орай Латын графикасының жаңа нұсқасы ұсынылған болатын. Ол көпшіліктің көңілінен шықты. Енді латын қарпін үйрену мен оқыту мәселесін жолға қою керек. Жиында осы мәселе қызу талқыға түсті. Бұл тұрғыда биыл500-ге жуық қызметкерді оқыту курстарына жіберу жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылар әр буынның латын қарпін қалай меңгеретіні, қабылдайтыны жөнінде де өз ой-пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.  Енді оны біртіндеп жүзеге асырыру ғана қалды,-дейді облысқа белгілі филолог Сәмен Құлбарақ.