Тараз. 77news — Тараз төріне облыс ардегерлері жиылды. Бұл жолғы жиын бұрынғыдан өзгерек. Ассамблея залында бас қосқан аға буын өкілдері, кәсіпкерліктің кеңеюі жайында ой толғады. Жай кәсіпкерлік емес, ардагерлер арасындағы өз ісін бастағандарды қолдау, одан әрі дамыту сынды мәселелері қозғалды, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

«Қазіргі уақыт, зейнетке шықтым деп шалқалай жатар кез емес». Осы ойдағы өңір ардагерлері бүгін облыс орталығында бас қосты. Жалпы, Жамбыл жерінде күн өткен сайын аға буын өкілдерінің кәсіпке келу көрсеткіші артып отыр. Мәселен, Жамбыл ауданының өзінде 300-ге жуық шаруашық, ардагерлер басшылығымен жұмыс істеп жатыр.

Ал, әйгілі, жамбылдық құсбегі Жапар Сатылғановты білмейтін қазақ кемде-кем. АҚШ-тағы«Ханкинг» саятшылар клубының мүшесі, алғаш рет «Қауырсын құсбегілер» клубын құрып, қыран құстың бабын келтірер жас өрендерді баулып келеді.

Отырыста ой толғаған кеңес мүшелері, елбасының жолдауы мен бес бастамалы үндеуді де тілге тиек етті. Ондағы көтерілген мәселелердің маңыздылығына тоқалып, өз ісін дөңгелеткендерге берілетін жеңілдік жайларын сөз қылды.

Пленум барысында, сан салада табысқа жетіп, қазірде халықты жұмыспен қамтыған бірқатар тұлғалар марапатталды. Кеңес соңында ілкі буын өкілдері, алдағы уақытта да хәл-қадірінше халыққа қызмет ететіндіктерін жеткізді.