Тараз. 77news — Шулық диқандар көктемгі дала жұмыстарына толық  дайын. Қазір егіс алқаптарында көктемгі дайындық  жұмыстары қарқынды  жүріп жатыр. Шаруалар жұмыстарын  пысықтап, егін науқанына кірісуде. Биыл шаруалар қанша пайыз өнім алмақ

Бүгінде жалпы Шу өңірінде 137 760 гектар жер бар. Оның 14 100 гектар жерге күздік бидай егілсе, ал 17 965 гектар жерге көп жылдық шөп себіліпті. Сондай-ақ, барлығы 136 343 гектар жер толығымен пайдаланылған. Қазіргі таңда ауданда  игерілген егіс алқабы 98,9 пайызға жетіп отыр.

Сондай-ақ, көктемгі дала жұмыстарына 2 145 тонна дизель отыны бөлінген. Ал дала жұмыстарына техникалар толығымен жұмылдырылып, сақадай сай. Сонымен қатар, шаруалар дәнді дақылдардың бірі жүгері тұқымын Алматы облысындағы «Будан» біріккен кәсіпорнынан «Тұлпар 539» сортынан 10 тонна өнім алмақ. Алауданда  мақсары майынның қажеттілігі 404 тонна. Өнімді өндіруге «КазИрАгро» серіктестігі толығымен дайын.

Бұдан бөлек кәсіп ашып, егіс алқабына егін егемін деген халыққа мемлекет тапарынан қолдау  көрсетіледі. Ол үшін «Аграрлық кредиттік корпорация»АҚ облыстық филиалы «Шу несие серіктестігін» несиелендіру үшін 37 млн.теңге қарастырып отыр.