Фото: Егемен Қазақстан

Тараз. 77news — Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сәрсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы едәуір көтерілді, деп хабарлайды 77news.kz ҚазАқпарат Халықаралық ақпарат агентігіне сілтеме жасап.

Сауда қорытындсы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 1,02 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 72,06 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 1,31 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 66,82 долларға жетті.