Тараз. 77news — Жамбыл облысында балық аулауға тыйым салынды. Бұл шешім, балықтардың уылдырық шашу мерзіміне байланысты заң шеңберінде шығарылған, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі тілшісі. 

Мамандар су тораптарын торып жүрген, броконерлердің торлары сүзіліп, тиісті іс-шараларды бастап та кеткен. Мәселен, жыл басынан бері Билікөлден бастап  Бөгеткөл, Ақкөл және Теріс өзендерінен заң талаптарын орындамаған 31 азамат құрықталған. Оларға әкімшілік хаттама толтырылып, 85 380 теңге айыппұл салынған.

Орман шаруашылығы инспекциясының мамандары осы көлдерден табылған 70 шақырымға жуық балық аулауға арналған қытай торларын өртеген. Бұрын сауда нарығында еркін шыққан ау, сүзгілердің сатылымына қазір қатаң шектеу қойылып отыр.