Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 77news — Тараздық ұстаз үстел ойыны  тоғызқұмалақтың жаңа түрін ойлап тапты. Ол қалай дейсіз бе? Енді алаңда бір емес бірнеше адам  болып ойнауға болатындай етіп құрастырыпты. Білікті емес, ой ұшқырлығын танытатын төл ойынымыз осылайша жаңғырып отыр, деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Аула ойындарына қызығушылық танытып келгендердің қарасы көп болды. 700-ден аса жалынды жас жоғары дайындықпен келген. Жастардың жарысында қалашық, ләңгі, асық ату сынды аула ойындарымен қатар, ұмыт болып бара жатқан тоғызқұмалақта сайыстың сәнін кіргізді. Тағы бір ерекшелігі бұл жолы тараздықтар тоғызқұмалақты үстел үстінде емес, алаңда ойнады.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Алаңдағы тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі бір команда да 10 ойыншының болуы. Ал, ойынның ережесіне  өзгеріс енгізген Асқар Шалов бұл балалар үшін пайдалы екендігін айтады. Яғни, ең алдымен оқушылардың  ой қабілеті мен күш-қуатын артырады. Қазіргі уақытта автордың жұмысы өңірдегі бірқатар мектептерде дене шынықтыру сабағында ойналады екен.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Елбасының 2020 жылға дейін халықтың 30 пайызы  спортпен айналысуға тарту бойынша бірқатар тапсырма берген болатын. Ал, бүгінгі аула ойындары соның бір парасы.

Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан
Фото: Ақәділ Рысмахан