Тараз. 77news — Бейресми ақпараттың мәлімдеуінше, Тараз қаласында екі оқушы бала өрт салдарынан көз жұмған, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

Бүтін бір отбасының қабырғасын қайыстырған қаза қараусыз қалған балалардың отпен ойынан шыққан. Негізінде  үйде үш бала болған екен. Ата-анасы он төрт жастағы үлкен ұлдарына 5-3 жастағы бүлдіршіндерін тапсырып кеткен болып шықты. Өрт шыққан кезде бас-көз болып отырған бала сыртқа, дүкенге  шығып кеткен көрінеді. Арасы 20 минут уақытта қайта келсе, үй қызыл жалын құрсауында қалған. Көршілердің көмегімен бүлдіршіндерді сыртқа шығарғанымен, тым кеш болған.  Періште балалар о дүниеге аттанып кетіпті.

Бұлдіршіндерді соңғы сапарға шығарып салу жаназасы бүгін болады.