Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news — Жамбылда өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда орындары жазаға тартылуы мүмкін. Өйткені, айтпай келетін апаттың алдын алуға қамсыз отырғандар көп.  Осыған орай төтеншеліктер шұғыл іске кірісіп, ірі бизнес нысандарына тексерісті күшейтті, — деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндіру станциясы «Ауыл береке» базар маңынан 3 шақырым жерде орналасқан. Төтенше жағдай туындай қалса, өрт сөндірушілер мұнда сүт пісірім уақытта жетеміз дейді.

Оқу-жаттығуға барлығы 7 техника, 45 адам жұмылдырылған. Мамандар станция қызметкерлерінің өртке қарсы сақтық шаралары ойдағыдай өткенін, егер өрт бола қалған жағдайда, дереу әрекет етуде дайын екендігін айтты.