Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 77news — Жамбыл облыстық мұражайында «Жамбыл баспасөзі: Кеше.Бүгін» атты экспозициясы ашылды. Онда аймақтағы газет-журнал мен телеарнаның тарихынан сыр шертетін тың деректер көрермен назарына қойылды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жаңадан ашылған экспозицияда күнделікті өмірде өңірдің тыныс-тіршілігінен қалың қарашаға ақпар беріп жүрген БАҚ-тың құрылу тарихын, дамуы мен өрлеуін көруге болады. Мұражай қызметкердері баспасөз туралы деректер жинауға 1 жылдай уақыт кетті дейді. Мұнда әрбір басылым мен телеарнаның алғашқы ардагер журналистері жайлы мағлұмат бар. Тіпті, сол кездегі телеарнада ең алғаш пайдаланылған диктофондар, машеткалар, камера мен таспаны да кездестіруге болады.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Сондай-ақ, музейге ақпараттық қолдау көрсетіп жүрген аймақтық бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары марапатталды. Олардың қатарында «Ақ жол», «Знамя Труда», «Арай»  сынды ірі басылымдар болса, әулиеатаның айнасы «Jambyl » және «77TV» телеарналары да бар.