Фото: Мәдина Сәдуақасованың инстаграм парақшасынан

Тараз. 77news — Әнші Мәдина Сәдуақасова қарапайымдылық танытып, гастрөлдетіп кез-келген үйге қонаққа баруы мүмкін. Таңғалмаңыз! Елдің аузындағы әнші бұл қылығын енді дәстүрге айналдырмақ. Бұл туралы  өзінің инстаграм әлеуметтік желісінде  бөлісті, деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

“Маңғыстау облысы, Шетпе кенті… Осы жерге келісімен көзіме түскен бір шаңыраққа нан ауыз тиюге кіріп шықтым. Иелері аң таң. Стройка жүріп жатыр екен, соған қарамастан үйге кіріңіз, ет асамыз деп, апыл ғұпыл боп жатты. Қонақжайлы қазағым-ай. Жаңаөзендіктер, ертең Сіздерге, күтіңіздер”, – деп жазды ол.

Фото: Мәдина Сәдуақасованың инстаграм парақшасынан

Эстрада жұлдызы алдағы уақытта да кез-келген шаңыраққа кіріп, қонақ болуды дәстүрге айналдырмақ.

Халықтың ықласына бөленген жұлдыздың инста парақшасындағы оқырмандарының пікірі екі бөлінді. Бірі етін асып, бауырсақтарын пісіріп, қонаққа шақырса,  енді бірі құрылысына кедергі келтірдің деп сан түрлі пікір қалдыруда.