Фото: Арайлы Серікқызы

Тараз. 77news — Бүкіләлемдік бокс сериясының сегізінші маусы басталды. Қазақстандық боксшылар 5-0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды  77news.kz AA тілшісі.

Қос ел командалары арасындағы бәсекенің нүктесін 91 келіден жоғары салмақта жамбылдық Нұрсұлтан Аманжолов пен Эвандерс Сервютс қойды. Нұрсұлтан  бүгін бабында  екенін анық көрсетті.Қытай айдаһары Эвандерске айтарлықтай қарсылық танытып, өзінің мықтылығын тағы бір рет дәлелдеді. Эвандерс Сервютстің 7см  бойының қысқалығына қарамастан, бәсеке тартысты өтті. Туған жерінің  намысын жерге жықпай, қарсыласын ауыр соққылардың астына алды. 20 жастағы жас боксшыда жеңіс үшін барын салды, бірақ жерлесіміз намысты қолдан бермеді.

Айта кетерлігі,  жеңіске жеткен боксшылардың қолғаптары жанкүйерлеріне сатылуда. Жиналған қаражат мүмкіндігі шектеулі жандарға берілмек.

Осылайша «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубы мен Қытай елінің «China Dragons» командасы арасындағы жекпе-жек 5-0 есебімен аяқталды.