Тараз. 77news — Үш рет тұрмыс құрған Ақбота тағы да күйеуінен теріс айналған көрінеді.  Әнші «Бақытты әйел» бағдарламасында отбасылық өмірі жайлы баяндап берді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі.

Өнер адамына жар болып, күйеуіне қызмет ету мен шығармашылығын қоса алып жүру біршама қиындық тудыратыны жасырын емес. Ақбота Керімбековаға да бұл тұрғыда еш оңай болмаған. Оны әншінің өзі мойындап отыр. Әнші өз өмірін бір ғана тұрмыс құрумен, бір ғана адамның жары болуымен елестеткен екен.

Ақбота Керімбекованың айтуынша, қателік екі жақтан кеткен екен. «Ер адамның алдына түсіп, бәрін өзім жасап, шешім шығаратыным менің қателігім шығар,»— дейді әнші. Алайда қателіктер туралы айтқанымен «ажырастым» деп нақты айта алмайтынын алға тартты.

Менің жұбанарым бар. Балаларым, мені сүйетін ата-анам, әнімді іздейтін отбасым бар. Мен ертең не болатынын білмеймін,»-деп жауап берген.

Ертеңгі күні қалай боларын ашып айта алмаған Ақбота Керімбекова: «Ажырастым деп толық айта алмаймын. Арты не болатыны беймәлім. Өмір ғой. Ешкімді кінәламаймын.», — деп сырын ашты әнші.