Фото: baq.kz

Тараз. 77news — Жамбылдық басшы 160 миллион теңгенің субсидиясын туыстарына бөліп берген. Бұл заңсыздықты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті анықтады, деп хабарлайды 77news.kz АА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Департамент өкілдерінің айтуынша, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Сейдахметов жанар-жағармайлар үшін 160 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны заңсыз бөлген. Ауданда ең ірі мөлшердегі субсидиялар 2014-2016 жылдар аралығында «Бектібай», «Бектібай-1», «Самат» және «Еркін» шаруа қожалықтарына берілген. Тексерулер кезінде субсидияларды Сейдахметовтің жақын туыстары: ағасы, жеңгесі, әйелі және баласы алғаны анықталды. Департамент өзіне берлген құзіретті пайдалана отырып,  С. Сейдахметовті жұмысынан босатты. Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.