Тараз. 77news — Қыстан аман шыққан шулық шопандар мал төлдету науқанына кірісіп кетті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің  тілшісі.

Қой төлдету – малшы үшін ең қиын да жауапты кезең. Шопандар «қойым егізден қоздасын» деп тілесе, сақманшылар түн ұйқысын төрт бөліп алынған төлдің аман қалуы үшін жанталасады. Себебі, әрбір төл — ертеңгі күннің берекесі.

Қазір мал төлдету науқаны бел ортаға таяп қалған. Қожалықтағылар науқанды кезеңдерде мая-мая шөп жинап, қыстан қысылмай шықтық дейді. Нәтижесі де көңілге қонымды.Өлім аз, өсім бар.

Мал төлдету осы айдың аяғына дейін аяқталса, одан кейін асыл тұқымды малды баптауға кіріспек.Бұдан кейән малшы қауымыды қырықтық күтіп тұр.