Фото: DonNews

Тараз. 77news — Жамбыл облысында ішкі істер мамандары жасаған арнайы рейд нәтижесінде 6 келі героин табылып, есірткі диллерлері құрықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры хабарлады,  – деп жеткізеді 77news.kz ақпарат агентігі тілшісі. 

«17 сәуір күні Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы жүргізген ірі операция барысында героин таратудың ірі арнасы жойылды. 6 адам оның ішінде 2 ерлі-зайыпты есірткі диллерлері ұсталды», – деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, операция барысында ведомстволық арнайы жасақ бір уақытта әртүрлі 4 мекенжайды тінтіген.

«Ол мекенжайлардың әрқайсысынан есірткі заттары мен қылмыстық жолмен табылған ірі мөлшерде ақша табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 6 келіні құрайды», – деді Алмас Садубаев.