Тараз. 77news — Биыл шаһарда қандай өзгерістер орын алмақ? Тараз қаласының әлеуметтік–экономикалық дамуында оң өзгерістер бар ма? Осы және өзгеде сауалдарға шаһар басшысы Рүстем Дәулет жауап берді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жалпы өткен жылы қала кәсіпорындары шамамен 230 млрд теңгенің өнімін өндіріпті.  Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда біршама артқан.  Мұнан өзге биыл құны 8 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жобаны жүзеге  асыру жоспарланған. Осылайша,  581 азамат тұрақты жұмысқа артылмақ. Бұдан бөлек, Рүстем Рысбайұлы шаһарды шырайландыру бойынша атқарылған жұмыстар жайын сөз етті.  Мәселен, өткен жылы «Бәйтерек» мөлтек ауданында жарықтандыру, абаттандыру, жолдарды жөндеу  жұмыстары    басталған болатын. Биыл бұл істе аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, «Барысхан» мен әуежай аумағындағы тұрғын үй алқабын жарықпен қамтамасыз ету ісі да қолға алыныпты. Қала билігі ендігі жұмыстар тек халықтың иіглігі үшін атқарылатын болады.