Қалалық жұмыспен қамту орталығына жаңа басшы келді

0
101

Тараз. 77news — Тараз қаласы әкімінің өкімімен Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры лауазымына Асқарова Эльмира Ақылбекқызы тағайындалды, деп хабарлайды 77news.kz.

Асқарова Эльмира Ақылбекқызы 1983 жылы Жамбыл обылысы Шу ауданы Новотроицк аулында дүниеге келген. Тараз мемлекеттік педагогикалық институт түлегі.

Алғашқы еңбек жолын Шу ауданы Төле би ауылы М.Әуезов атындағы орта мектепете бастаған. Одан кейін туған аудандық аппаратта түрлі қызметтер атқарған. Жаңа қызметке ауысар тұста Шу ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін атқарған.