Тараз. 77news — Жамбыл облысы әкімдігінің алдына Абай ескерткішін орнату тиімді бастама. Бұл ой халық тарапынан да қолдау тауып отыр. Дана Абай атамызға жасалған бұл құрметті жергілікті зиялы қауым өкілдері қос қолдап мақұлдайды.

Алайда, ілкі буын өкілдері ескі ескерткіштің көшірілгенін қаламайды. Ұлы Абайдың бейнесін ашатын еңселі жаңа ескерткіш болса екен дейді. Бұл туралы Көсемәлі Сәттібайұлы өзінің Facebook парақшасында жазды.

«…қайталап айтамын, бастаманы кім жасаса да өте дұрыс істеген. Тек қана Ұлы Абайдың еңселі, ойлы, парасатты бейнесі қашалған ескерткішіне жаңадан тапсырыс беріп, ал бұрынғы ескерткішті Абай атындағы мектептердің біріне немесе Абай атындағы ауылдардың біріне тарту етсе, нұр үстіне нұр болар еді,» -делінген жазбада.