Тараз. 77news — «Көшені көкесі, ауылды атасы иемденбесін!» Облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясы, ағымдағы жылдың алғашқы отырысында осындай шешім шығарды. Нәтижесінде 107 ауыл көшесінің аты өзгеретін болды, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Алты ауданнан қаралған 107 ұсыныстың біреуі тарихи тұлға Д.Қонаевтың есімі болса, 37-сі тарихи жер-су, 69-дәстүрлі атаулар. Деседе, өзге аймақтарда бұл жұмыс тұралаған сыңайлы.

Осы отырыста Жуалы, Талас, Сарысу сынды аудандардың ономастика комиссиясы сынға алынды. Бірі, былтырғы кездесулер санын толық өткізбесе, келесі бір ауданның жұмыс жоспары мүлде жоқ. Дегенмен, мұндағыларды алаңдатқан бұл ғана емес. Қойылуы тиіс атаулардың шектеулі болуы.

Мән — мағынасы ескірген мекендерге, тек республикалық комиссия бекіткен 298 атауды ғана қоюға болады екен. Сондықтан, әр аймаққа жолдарға қойылып жатқан есімдер қайталануда.