Фото: Ақәділ Рысмахан

Тараз. 77news — Тараз қаласында ауқымды концерттік шоу бағдарлама өтіп жатыр. Жергілікті өнерпаздардың басын  қосқан мерекелік кеш «77TV» телеарнасының 2 жылдық мерейтойына арналды.

Бұрын сонды Жамбыл жерінде болмаған «OPEN AIR» ашық аспан астындағы мұндай шоу халықтың көңілінен шықты. Мұны Төле би  ескерткішінің алдына жиналған жастардың позитивті көңіл күйінен аңғаруға болады. Әншілердің ырғақты әніне тербеле билеген қаланың жалынды жастары бір серпіліп қалды.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Ұйымдастырушылар тарапынан жасалған мұндай мәдени тынығу шарасы үшін халық дән риза.

Фото: Ақәділ Рысмахан

Белсенді болған жастар өздеріне лайықты сыйлықтарға ие болды. Оның ішінде Қайрат Нұртастың отбасылық концертіне 10 билет берілді. Өз өнерлерін ортаға салған қыз-жігіттер үшін демеушілер тарапынан түрлі ойын-сауықтық орталықтарға жолдамалар тарту етілді.

Фото: Ақәділ Рысмахан 
Фото: Ақәділ Рысмахан