Фото: видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында болған жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шенділердің  хабарлауынша, 21 сәуірде шамамен сағат 07.40-та «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» тас жолының 205-шақырымында, Жамбыл облысы Қордай ауданы Соған ауылының маңында Mersedec Sprinter маркалы шағын автобусы аударылып қалды. «Шағын автобустың салонында 17 жолаушы мен жүргізуші болған. Жол апатының салдарынан 2 адам қаза тапты, қалғандары ауруханаға жеткізілді», — деді ІІД мамандары.

Фото: куәгерлер видеосынан алынған кадр
Фото: куәгерлер видеосынан алынған кадр

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.