Фото: zapravkin.com.ua

Тараз. 77news — Қазақстандықтар мамыр айында 20 күн жұмыс істеп, мереке күндеріне байланысты 11 күн демалады, деп хабарлайды 77news.kz.

Сәуір айының 28 жұлдызында, яғни сенбі күні қазақстандықтар жұмыс істейді. ал оның орнына дүйсенбі күні – 30 сәуірде демалады. Сонда сәуірдің 29-ын қоса есептегенде ынтымақ мерекесіне 3 күн демалады.

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күні қарсаңында да сенбі күні, яғни 5 мамырда еңбектенеміз. Нәтижесінде 6 мамырдан 9 мамырға дейін 4 күн мерекелейтін боламыз.