Фото: Нұрлан Оспанәлі

Тараз. 77news — Жазасын өтегендер жұмыссыз қалмайды. Олар үшін халықты жұмыспен қамту орталығы арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізді, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Қылмысы үшін шатылып, кейін тәртібімен көзге түскендер амнистияға ілігіп, қазір бостандыққа шыққан. Олардың дені бүгінгі бос жұмыс орындары жәрмеңкесінен қалмай келіпті. Өйткені, сотталғандар жұмысқа тұруымыз қиын дейді. Дегенмен, жазасын өтегендер арасында мамандығы жоқ азаматтар таңдауына қарай қысқа мерзімді  кәсіби  оқытуға жіберілді.

Қазіргі таңда олардың дені 15 оқу орнында білім алып жатыр екен. Тиісінше, оларға мемлекет тарапынан ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы қарастырылған. Ал, жәрмеңкеге келген 14 жұмыс беруші   32 мамандықты бойынша 100-ден аса бос жұмыс орындарын ұсынды.