Фото: aikyn.kz

Биологтар адам миының бұршақ көлеміндей ғана органоидтарын түтікшеде өсіріп, тышқандардың басына салды. Уақыт өте келе кішкентай ми біртіндеп тышқандардың өз миының қызметін алмастыра бастады. Нәтижесінде жүйке жүйесі дамып, 233 күн өткеннен кейін ми құрылымы мен даму деңгейі жаңа туған баланың миымен бірдей болды.

Адам миы салынған тышқандардың әдеттегі тышқандардан айырмашылығы болмаған. Бастапқы уақытта олардың есте сақтауы дамып, одан кейін тоқтап қалған.

Ғалымдар зерттеу қорытындысы регенеративті медицинада революция жасауы мүмкін екенін айтады: ми жасушаларын өсіріп, оны адам миын имплантациялауға қолдануға болады.