Әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 2 жылға жазаланды

0
71

Тараз. 77news — Facebook-те шетелдік жұмысшыларға озбырлық жасауға шақырып, жазба қалдырған елордалық азамат сотталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында Есіл аудандық №2 соты төрағасының міндетін атқарушы Қанат Тобағалиұлы айтты, деп хабарлайды 77news.kz ҚазАқпарат ақпарат агентігіне сілтеме жасап. 

Есте болса, өткен жылдың күзінде елордада салынып жатқан «Әбу-Даби Плаза» кешені аумағында күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар  арасында жанжал туындаған болатын. Сол кезде елордалық азамат әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындарды шетелдік жұмысшыларға  қарсы озбырлық жасауға шақырған жазба қалдырған еді.

«Астаналық ҚР Қылмыстық кодексінің «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» 174-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол бейбіт уақытта Facebook-тағы жазбасы арқылы қалалықтарды аталған шетелдік тұлғалармен есеп айырысуға және тәртіпті бұзуға шақырды», — деді Қанат Тобағалиұлы.

Оның атап өтуінше, аталған тұлға кінәлі деп танылып, оған 2 жылға бас бостандығына айыру жазасы белгіленген. Дегенмен, істі аппеляциялық сатыда қарау барысында жаза мерзімі 1 жылға дейін төмендетілген.