Фото: Әділбек Самаликов

Тараз. 77news —  Рухани жаңғырып, жаңару жолымен жүру — әр мемлекетте орын алуы тиіс үдеріс.  Яғни, заман талабына сай бес сайманымызды сайлауымыз керек. Дегенмен, ата дәстүрден алшақтамай, ұлттық құндылықтарды, дін мен ділімізді ұлықтай білуіміз де маңызды.  Міне, осы мақсатта дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық форум өтті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Жиында халқымыз үшін өткір әрі өзекті мәселелер қаралды. Дін тақырыбындағы баяндамалар оқылып, дәстүрлі емес жат ағымдар  туралы сүбелі ойлар айтылды. Сонымен қатар, дін өкілдері «Тараздан шыққан дін ғұламалары» атты тақырыпта әңгіме өрбітті. Сондай-ақ,  Тараз – қазақ жеріндегі мұсылман дінінің туы тігілген ежелгі қалалардың бірі екендігі де ерекше аталып өтті. Шара соңында еліміздің бас Наиб мүфтиі Бауыржан қажы Есмахан   жерлеу рәсімі мен садақа беру туралы сөз етті. Әсіресе, ысырапшылдыққа жол беретіндерді сын ға алды. Айта кеткен жөн, бұл кездесу Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру мақаласының» аясында өткізіліп отыр.