Фото: inform.kz

Тараз. 77news — Тараз полицейлері жоғалып кеткен 9 сынып оқушысын іздеп жатыр, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі жергілікті ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоғалған қыздың ата-анасы екі күннен бері өз күштерімен іздестірген, нәтиже болмағандықтан полициядан көмек сұрауға мәжбүр болған.

«16 жастағы Ақлима Қабанбай 24 сәуір күні үйінен шығып кеткен екен. Оның бойы 60-165 см, дене бітімі орташа, шашы мен көзі қоңыр түсті. Үстіне сары футболка мен көк трико киген, ал аяғында қара түсті жеңіл аяқ киім киген. Тағы бір ерекшелігі Ақлима аяғын сылтып басады. Сонымен қатар неврологиялық ауруы да бар көрінеді.»,- делінген ІІД-нің хабарламасында.

Жамбыл облыстық ІІБ Қылмыстық полиция басқармасы жоғалған  қыз туралы қандай да бір маңызды ақпаратты білетін адамдарға 102, 8 (7262) 99-71-21, 43-39-32 телефондарына хабарласуды сұрайды.