Тараз. 77news — Жамбыл облысы Шу ауданындағы «НұрОтанның» ғимараты өртке оранды. Қызыл жалын Төле би ауылында орналасқан аудандық «Нұр Отан» ғимаратының 1-ші қабатынан шыққан. 

Кеше сағат бестің шамасында орын алған оқыс оқиға кезінде кеңседегі жиһаз және оргтехника өртеніп кеткен. Құтқару жұмыстарына жедел кіріскен төтеншеліктер 8 адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгеріпті. Мамандар, адам шығынының жоқтығы абырой болды деп отыр. Ал отты ауыздықтауға ТЖД «өрт сөндіру қызметінің» 11 маманы және 3 бірлік техника жұмылдырылған екен.