Фото: hab.aif.ru

Тараз. 77news — Жамбыл облысында қару-жарақ үшін сыйақы беру іс-шарасы жүріп жатыр. Бұл туралы 77news.kz ақпарат агентігі ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тіркелмеген қару мен оқ-дәріні ерікті түрде тапсыру акциясына қатысқан тұрғындардың әр қаруы үшін 100 АЕК-ке дейінгі ақшалай сыйақы тағайындалады.

«Акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 11 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. Қарудың әр бірлігі үшін төленетін өтемақы 100,75 және 30 пайыз көлемінде төленеді, —  деп хабарлайды Жамбыл облысы бойынша ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бірінші санаттағы тегіс қарудың бір бірлігі үшін 72 мың 150 теңге, екіншісі санатқа — 50 мың 505 теңге, үшіншісіне 20 мың 645 теңге төленеді. Өтемақы мөлшері қарудың техникалық күйіне және оның ату өндірісінің жарамдылығына байланысты тағайындалады. Сонымен қатар қаруды тапсыру кезінде иесінің қылмысқа қатыстылығы міндетті түрде тексеріледі.

Бір апта ішінде полиция қала тұрғындарынан барлығы 1 миллион 125 мың теңгеге қару-жарақ сатып алған. 2017 жылы Тараз қаласының тұрғындары 220 дана тапаншалар мен мылтықтарды, сондай-ақ 11 млн. теңгеден астам сомаға екі граната тапсырған болатын.

Қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар заңсыз қаруды сақтау үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сіз кез-келген уақытта аймақтың ішкі істер бөлімінде әскери арсеналына қаруды тапсырып, өтемақы ала аласыз.