Тараз. 77news — Ұлттық сусынды ұлықтау —  қазақи құндылықты жаңғырту. Шаһар тұрғындары енді  қаланың қақ ортасында жүріп-ақ, қымыздан дәм тата алады. Өйткені,  көркі көз тартар  жаңа қымызхананың қазығы қағылды, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Төл асхана Таразда бұрын болмаған. Енді 3-4 айдың ішінде қарашаның қолданысына беріледі. Айта кетейік, нысан облыстық ардагерлер үйінің артында орналаспақ.  Қымызхана  жобасы аймақ басшысының мақұлдауымен бекітіліпті.  Мейман болар ұлттық асхана тек ас-ауқатын емес, сондай-ақ қосымша  шахмат және тоғызқұмалақ бөлмесін де ұсынады. Ал, қымызхана құрылысын «Шәушен» шаруа қожалығының басшылығы толығымен өз қаражатына соғатын болады.