Фото: жеке дерек көзінен

Тараз. 77news — Кеше, яғни 2 мамырда Тараз қаласының орталығында автотұрақта тұрған көлік жанып кетті, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі Instagram әлеуметтік желісіндегі TARAZ Life тобына сілтеме жасап. 

Оқиға әлеуметтік желідегі видеода көрсетілгендей, «Глобус» аялдамасы жанында орын алған.

Орын алған өрт оқиғасының салдарын жою мақсатында жақын маңдағы дүкендер мен дәмханалардың қызметкерлері өрт сөндіргіш құрал мен шелек толы су алып шығып сөндірмек болады. Алайда қызыл жалын күшіне еніп алғандықтан оңай ауыздықтай алмаған.

Әлеуметік желідегі әр түрлі пікірлерден байқасақ, өрттің шығуы көліктің уақытылы техникалық байқаудан өтпеуінен болған шығар дейді.