Фото: Нәзима Дәрменқызы

Тараз. 77news — Байзақта қазір қара шегірткемен күрес күшейді. Енді аудан басшылығы шегірткеден шығын келеді деуге негіз жоқ деп отыр, деп хабарлайды 77news.kz.

Жоспар бойынша 65 мың гектарға жуық  алқапқа химиялық өндеу жүргізілу керек болатын. Енді міндет 35% орындалды. Меже мерей марқайтпаса да,  6 трактор, 3 әуе ұшағы, 12 бүріккіш техникасы қазір құжынаған қара жәндікпен арпалысып жатыр. Арнайы мамандардың айтуынша, шегіртке қазір жетілу сатысының екінші кезеңінде. Әлі қанаты қатаймады, ұша алмайды, – деп отыр.  Міндет мардымды орындалса, мұқым елдің жыл сайынғы мәселесі биыл шығын келтірмейтіндігіне сенімді. Айта кетейік, қазір зиянкестен ауданда мал өлімі тіркелмеді. Ал, залалсыздандыру жұмысын жұмысшылар 2 ауысыммен атқарып жатыр. Енді күрес нәтижесі егін жинау науқанында белгілі болмақ.