Фото: Нұрлан Оспаналы

Тараз. 77news —  Күні кеше жаңа тұрпатта қайта жаңғыртылған «Жеңіс» саябағындағы құрылыс жұмыстарына ат салысқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

45 күн ішінде саябақты адам танымастай етіп өзгерткен еңбеккерлерге облыс әкімі алғысын айтып, әлі алда атқарар шаруа көп екенін жеткізді. Яғни, жоспарға сәйкес жүйелі жүзеге асыралатын жұмыстар аз емес.

Қайта жаңғыртылған саябақ 9-мамыр жеңіс мерекесіне орай ашылды. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүргізілгені өз алдына, сапалы жасалғаны көңіл қуантады. Бұл құрылысшылардың өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарағанын білдірсе керек.

Айта кетейік, «Жеңіс» саябағындағы құрылыс жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Алдағы уақытта мұнда кезең-кезеңімен құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.