Фото:Tengrinews.kz

Тараз. 77news — Теміртау қаласында 5 адамның өмірін қасақана өлімге байлаған 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігінің тілшісі Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 мамыр күні болған. Теміртау қаласында «жедел жәрдем» бригадасы «бытыралы жарақатпен» 18-25 жас аралығындағы 5 жігітті ауруханаға жеткізген. Тергеп-тексеру нәтижесінде күдікті қолға түсті.

Қаланың 20 жастағы тұрғыны қақтығыс кезінде оқ атқанын өзі мойындаған. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазіргі кезде күдіктіге бұлтартпау шарасы қолданылып, қамалған. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.