Фото: inform.kz

Тараз. 77news — Есірткіге еліккен жамбылдық шамамен 16 келі болатын гашишпен ұсталды. Қарасораны ол көлігіндегі сақтап келген. Қара базарда оның құны 1000 АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі. 

Бейнежазбада ер азаматтың тыңғылықты дайындалғандығы көрініп-ақ тұр. Белгілі болғандай, 39 жасар жамбылдық тауарды өзімен бірге алып жүрген. Тіпті, кейде қолданатындығын да жасырмаған.

Есірткі саудасын қыздырған азамат Шу ауданында көлігінің ішінде құрықталған. Тыйым салынған затты сақтағаны үшін ол 3 жылдан 7 жылға дейін жазаға тартылуы мүмкін.