Тараз. 77news — Жуалы ауданында «Берікқара» демалыс орталығы ашылды. Тынығу мекені 500 келушіге арналған, деп хабарлайды 77news.kz тілшісі.

Кешенінде барлық жағдай жасалған. Мұнда жатын бөлме, балаларға арналған кинотеатр, іскерлік бөлмесі бар. Тіпті, заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған. Сондай-ақ, демалушыларға арналған хауыз, спорт алаңы да жұмыс істейді. Ал демалыс орталығы 1 маусымнан бастап толық іске қосылады. Естеріңізге сала кетейік, Беркіқара шатқалы 17 мыңнан аса гектар алқапты алып жатыр. Бұдан бөлек қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін  кездестіруге болады.