Фото: жеке дерек көзінен
Бұл туралы Ақжүректің ағасы қазақ эстрадасының әншісі Досымбек Таңатаров Instagram парақшасында жариялады.
«Алланың қалауымен кешегі еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, азия чемпионы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Ақжүрек інім Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметов ағамыздың және облыстық спорт саласының мамандарының қолдауымен «Облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» директоры болып тағайындалды. Інімнің ісіне береке беріп, жас таланттардың танылуына үлес қосатын басшы болсын», — деп жазды ол өз парақшасында.