Тараз. 77news — Жастарды өткенді ұмытпауға, тарихты ұлықтауға, болашаққа бағдармен қарауға бейімдеу мақсатында Жамбыл облысы Қордай ауданында жасөспірімдер мен бүлдіршіндер үшін экскурсия сабақтары басталды, деп хабарлайды 77news.kz ақпарат агентігі.

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дамира  Сүгірбай мен облыстық мәслихат депутаты Қалыш Молдажановтың жетекшілігімен оқушылар мен мектепке дейінгі мекеме бүлдіршіндер ел тарихына саяхат жасады.

«Тарихты тереңінен толғайтын аудандық өлкетану музейінің экспозициясымен танысу, өлкенің шежіресінен сыр шертетін тарихи жәдігерлерге қызығушылықтарын арттыру аға буын біздің басты мақсатымыз,» — дейді ұйымдастырушылар.

Фото: жеке дерек көзінен

Айта кетейік, болашағымыз болар балалар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі», «Көне және орта ғасыр дәуірі», «Кеңес дәуірі тарихы», «Тәуелсіз Қазақстан Республикасы», «Мәдени-этнографиялық тұрмыс-салт бұйымдары» және «Көрме залы» бөлімдері арқылы дүниетанымдарын кеңейтті.

Аталған тәрбиелік-экскурсиялық сабақ осы аптаның соңына дейін жалғасады екен.

Сондай-ақ, тәрибе тал бесіктен екенін ескерген Қордайлықтар ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында Қаракемер ауылында «Мектепке тағзым!» атты мектеп түлектерінің І форумы өтті.
Форумға ауылдан шыққан Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Математикадан Нобель сыйлығының лауреаты М.Өтелбаев бастаған танымал тұлғалар мен кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар, ауылдың Құрметті азаматтары қатысты.

Олардың өнегелі әңгімелері мен жеткен жетістіктері мектеп бітірушілерге рухани күш сыйлап, қанат бітіргендей болды.

Ұлттық идеологияны санаға сіңірудің түрлі тәсілін қолданатын Қордай ауданы биылғы жылдың төрт айында мектеп оқушылары, колледж білімгерлері, балабақша тәрбиеленушілері және аудан тұрғындарымен 199 экскурсия өткізген. Барлығы 183 іс-шара (лекция, әңгіме-сұхбат, ашық     сабақ, кездесу, дөңгелек үстел және т.б.) өткізіліп, 30 көрме ұйымдастырылған.